Қалай жұмыс істейді
Бір жол: аймақ → сабақ → жоба
Балаға не істеу керегін түсіндіретін бет. Мұнда ойын механикасы емес, нақты жол сипатталған.
Төрт қадам
Аймақты таңда
Картадан аймақты ашасың. Әр аймақта — сол тақырыпқа арналған курс. Бастау Код кварталынан.
Сабақты оқы
Сабақ — кітаптың бір бөлігі. Оқып болғанда «Сабақты аяқтадым» дейсің де, XP аласың. XP-ті платформа береді, сен емес.
Жоба жаса
Оқығаныңды өз жобаңда қолданасың: сурет, презентация немесе өз AI-моделің. Жобаларың профиліңде сақталады.
Деңгей көтер
Жиналған XP аккаунт деңгейін көтереді, ал деңгей жаңа аймақтарды ашады. AI Passport бетінде барлық прогресің көрінеді.
NOVA неге бірден жауап бермейді
Балаға дайын жауап берген оңай, бірақ одан ештеңе қалмайды. Сондықтан NOVA алдымен сұрайды — сен не білетініңді тауып, дәл сол жерден бастайды.
NOVA үй тапсырмасын орындап бермейді және дайын код жазбайды. Ол келесі қадамды береді, соңғы жауапты емес. Түсінбесең — «түсінбедім» деп жаз, бұл қате емес, сигнал.
— Машина деген не?
— Дөңгелек деген не екенін білесің бе?
— Иә.
— Ал сол дөңгелекті ешкім итермей, өзі айналатындай қылуды білесің бе?
— Жоқ.
— Ең қызығы — дәл осы жерде...
Ата-ана нені көреді
Ата-ана өз бетінде баласының қай курстарға жазылғанын, қанша сабақ аяқтағанын және апта бойы қанша уақыт өткізгенін көреді. Барлық сандар — нақты, ойдан шығарылған көрсеткіш жоқ. Ата-ана балаға шақыру коды арқылы қосылады.
Не тегін
Әр курстың бірінші сабағы тіркелгеннен кейін тегін ашылады. Қалған сабақтар тарифке байланысты. Тарифтер мен бағалар бөлек бетте.
